Астаналық әйел ІІ топтағы мүгедек ұлының бірнеше рет зорланғанын айтып, көмек сұрады. Айтуынша, күдікті онымен онлайн-ойын арқылы танысып, бірнеше мәрте үйіне шақырған, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Қылмыстық іс алғашында Нұра ауданы полиция бөлімінде тергеліп, оны жабуға әрекет жасалған. Кейін іс Астана қалалық Полиция департаментіне берілді. Алайда сараптама қорытындысы дайын болуына қарамастан, төрт ай бойы ешкім қамауға алынбаған.
Зардап шеккен жігіттің анасы осы оқиғадан кейін инсульт алып, төсекке таңылған. Ал ұлына эпилепсия диагнозы қойылған.
Туыстары тергеу қасақана созылып жатыр деп санайды және бұл істі ҚР Ішкі істер министрі Ержан Сапарбекұлының жеке бақылауына алуды талап етеді.