Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қолға алынған "Таза Қазақстан " экологиялық акциясы ел көлемінде кең қолдау тауып, түрлі өңірде ауқымды іс-шаралармен жалғасын тауып жатыр. Акцияның негізгі мақсаты – қоршаған ортаға жанашырлықпен қарау, экологиялық мәдениетті қалыптастыру және халықтың санитарлық-экологиялық сауаттылығын арттыру.
Осыған орай бүгін Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы аумағында "Таза Қазақстан" акциясы аясында ауқымды тазалық жұмыстары ұйымдастырылды.
Іс-шараға аудан әкімдігінің, түрлі мекемелердің қызметкерлері мен еріктілер жұмылдырылды. Бұл жұмыстарға жалпы 100 адам тартылды, олар қаланың тазалығы үшін белсене атсалысты. Сонымен қатар қоқыс пен құрылыс қалдықтарын шығаруға арналған 5 арнайы техника тартылды.
Тазалық барысында келесі жұмыстар атқарылды:
- Аудан аумағында жалпы санитарлық тазалау;
- Құрылыс және тұрмыстық қалдықтарды арнайы орындарға тасымалдау;
- Қураған ағаштарды жинап, арту және шығару және т.б. жұмыстар.
Аталған жұмыстардың нәтижесінде 7 тоннаға жуық қоқыс шығарылып, қаланың санитарлық жағдайын жақсартуға нақты үлес қосылды.

Сонымен қатар тазалық жұмыстары қала тұрғындарының жиі серуендейтін орны – "Кең баба" саябағы аумағында да жүргізілді. Бұл қоғамдық демалыс орнының санитарлық тазалығы мен экологиялық жағдайы әрдайым басты назарда. Аталған аумақта қоқыстан тазарту және абаттандыру шараларын жүргізу тұрғындардың жайлы әрі қауіпсіз демалуына мүмкіндік береді.
Әл-Фараби ауданы әкімдігі "Таза Қазақстан" акциясы аясындағы жұмыстарды тұрақты түрде жалғастыруды көздеп отыр. Аудан әкімдігі алдағы уақытта да аудан тұрғындарын қоршаған ортаға жанашырлықпен қарауға, аумақтық сенбіліктерге белсенді түрде қатысуға және тұрмыстық тазалықты сақтауға шақырады.

Табиғатты аялау – әр азаматтың ортақ міндеті. Экологиялық қауіпсіздік – ұлт саулығының, ұрпақ болашағының кепілі.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз