Тамыздан бастап Қазақстанда бірқатар өзгеріс болады. Massaget.kz тілшісі ең маңызды жаңалықтарға шолу жасады.
Электр энергиясы қымбаттайды
Қазақстанда 1 тамыздан бастап электр энергиясы тарифі өседі. 29 шілдеде энергетика министрінің міндетін атқарушы қол қойған "Электр энергиясына шекті тарифтерді бекіту туралы" бұйрыққа сәйкес электр энергиясына жаңа шекті тарифтер белгіленді.
depositphotos.com
Трамп баж салығы туралы жарлыққа қол қойды
АҚШ президенті Дональд Трамп он шақты елге, соның ішінде Қазақстанға қатысты баж салығын енгізу туралы жарлыққа қол қойды. Тиісті құжаттар Ақ үй сайтында жарияланған. Импорттық баж мөлшері 10-нан 41 пайызға дейін жетеді.
Дональд Трамп Қазақстанға қатысты 25 пайыз көлемінде баж салығын енгізді.
depositphotos.com
Мемлекеттен 1,5 миллион теңге алуға болады
11 тамыздан бастап екінші лек бойынша жаңа бизнес идеяларды іске асыруға грант алуға өтініш қабылдау басталады. Гранттың мөлшері — 400 АЕК (1 572 800 тенге).
Екінші лекте 4 873 адамға грант беру жоспарланып отыр. Гранттар қайтарымсыз негізде беріледі, мақсаты — жаңа бизнесті бастау және дамыту.
Өтініш беру үшін мына қадамдарды жасау қажет:
- business.enbek.kz порталында тіркелу;
- Грант алу шарттарына сәйкестігіне тексерістен өту;
- Бизнес жоспар үлгісін жүктеп алып, оны толтыру және порталға енгізу;
- Өтініш нысанын толтыру және ЭЦҚ кілтімен қол қою.
Толық нұсқаулық мына жақта.
Midjourney
Қазақстандықтар тамызда қанша күн демалады?
Жаздың соңғы айында қазақстандықтар Конституция күнінің арқасында бір күн артық демалады. Конституция күні — Қазақстанның басты мемлекеттік мерекелерінің бірі. Еліміздің ең басты әрі маңызды құжаты 1995 жылы 30 тамызда қабылданды. Сондықтан мереке жыл сайын 30 тамызда атап өтіледі.
Тамызда бес күн жұмыс істейтіндерге 10 демалыс күні беріледі. Демалыс күндерінің кестесі мынадай:
- 30, 31 тамыз және 1 қыркүйек — демалыс күндері.
Алты күндік жұмыс аптасындағылар үшін:
- 30 және 31 тамыз — демалыс күндері, 1 қыркүйек — жұмыс күні. Алты күндік жұмыс аптасындағылар тамызда жалпы 6 күн ғана демала алады.
Tengrinews.kz/ Тұрар Қазанғапов
Газ қымбаттайды
1 тамыздан бастап көлікке пайдаланылатын сұйытылған газдың шекті бағасы өседі. Көтерме баға тоннасына 51 932 теңгеден 59 722 теңгеге дейін өседі. Бөлшек саудада литріне 7-10 теңгеге қымбаттайды. Нақты құны өңірлерге байланысты болады.
depositphotos.com
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!