Үкімет басшысының орынбасары жұмыс сапарымен Жамбыл облысына барды. Қанат Бозымбаев Жамбыл, Түркістан, Қызылорда облыстары мен Шымкент қаласының әкімімен өңір дамуын талқылады.
Әкімдіктерге жаңа Бюджет кодексі аясында Өңірлік стандарттар жүйесін ескере отырып, бюджеттік жоспарлау ережелері түсіндірілді. Вице-премьер алдымен артта қалған елді мекендерді бірінші кезекте қаржыландыру туралы шешім қабылдауды тапсырды. Бұл істе бюджеттік инвестициялық жобаларды басымдық бойынша іріктеу жөніндегі әдістемелік ұсынымдарды ескеру қажеттігін айтты. Сондай-ақ жиынға қатысқан Ұлттық экономика министрлігіне Қаржы, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрліктерімен және облыс әкімдіктерімен бірлесе отырып, «Ауыл аманаты» жобасын қаржыландыру мәселесін пысықтау керектігін еске салды.