Доллардың 30 шілдедегі бағамы белгіленді, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

KASE Қазақстан қор биржасындағы күндізгі сауда-саттық нәтижесі бойынша АҚШ долларының орташа бағамы 546,36 теңге болды, алдыңғы күнмен салыстырғанда 4,09 теңгеге өскен.

Айта кетейік, Ұлттық банктің 30 шілдеге белгілеген ресми бағамы — 542,03 теңге.

кurs.kz мәліметінше, қазір Алматыдағы ақша айырбастау орындарында долларды сатып алу бағамы — орта есеппен 543,39 теңге, сату бағамы — 546,33 теңге. Астанада америкалық валютаны орта есеппен 540,56 теңгеге сатып алып, 547,56 теңгеге сатып жатыр.

Еске салайық, бұған дейін Ұлттық банк долларға қатысты ахуалды түсіндірді.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Logotype Massaget