Қала тұрғындары қоқысты енді кешкі 18.00 мен 24.00 аралығында ғана шығара алады .
Бішкек қалалық кеңесі қала тұрғындарының күндізгі уақытта үйінен қоқыс шығаруына тыйым салатын қаулыны қабылдады. Оның жаңа мәтініне сәйкес, Бішкек тұрғындарына қатты тұрмыстық қалдықты үйінен шығаруға тек сағат 18:00-ден 24:00-ге дейін рұқсат етіледі.
"59-тармақтың 1-тармақшасына сәйкес, қатты тұрмыстық қалдықтарды шығару тек сағат 18:00-ден 24:00-ге дейін рұқсат етіледі. Барлық жеке және заңды тұлғалар, соның ішінде жеке тұрғын үй иелері мен көпқабатты тұрғын үйлердің тұрғындары осы талапты сақтауға міндетті. 67-тармаққа сәйкес, қоқысты (күл, ағаш бұтақтары, құрғақ шөп және т.б.) контейнер алаңдарына және олардың маңайына тастауға және жинауға тыйым салынады", – делінген қала мэриясының ресми хабарламасында.
Сондай-ақ, жаңа талаптарға сәйкес, таңғы 7.00 мен 10.00 аралығында қала ішінде жүк көліктерінің жүруіне тыйым салынған. Бұл талаптың азық-түлік, медициналық тауарлар таситын көліктерге, арнайы қызмет транспортына қатысы жоқ.
Оқи отырыңыз:
Мектепте сабақ 7.30-да, ЖОО-нда сағат 10-нан кейін басталады. Студенттер Бішкек билігінің шешіміне қарсы шықты
"Тәртіп қатаң болады". Садыр Жапаров Бішкектегі дүрбелеңге қатысты үндеу жасады