0:00:00
0:00:00Жаңалықтарды Telegram арнамыздан оқыңыз!
Қазақстан мен Ресей шекарасы туралы шартқа 20 жыл. Осыған орай Мәскеуде екі елдің мемлекеттік органдарының, қоғамдық-саяси, ғылыми білім беру және сараптамалық топтардың өкілдері қатысқан жиын өтті. Құжатқа 2005 жылдың 18 қаңтарында қол қойылып, 2006 жылдың 12 қаңтарында күшіне енген еді. Шарт екіжақты мемлекетаралық ынтымақтастықтың құқықтық базасының негізін қалаушы элементтердің бірі болып қала береді. Қазақстан мен Ресей арасында сыртқы саяси, сауда-экономикалық, инвестициялық-технологиялық және мәдени-білім беру ынтымақтастығы негізінде тұрақты стратегиялық әріптестік қалыптасты. Жалпы іс-қимылдың құқықтық негізі 400-ден астам шарт пен келісімнен тұрады.
Индира Бегайдар