Астанада 49 жастағы тұрғын ұлы Абайдың өсиеттері жазылған стендті бүлдіріп, қоғамды дүр сілкіндірді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

ІІМ мәліметінше, ол әрекетімен «қоғамдық және мәдени құндылықтарға құрметсіздік танытып, ұлттық мұраның символын қорлады».

Полицейлер құқықбұзушыға қатысты әкімшілік хаттама толтырып, іс сотқа жолдаған.

Сот шешімімен ол 20 тәулікке қамаққа алынды.

Айта кетейік, биылғы жылдың басынан бері елордада вандализм мен бөтеннің мүлкін қасақана бүлдірудің 131 дерегі тіркелген. Барлық кінәлілер жауапқа тартылған.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Астана Қаласының Полиция Департаменті (@police__astana)