Бүгін таңертең Қостанай-Әулиекөл бағытында жол апаты болды. Куәгерлердің айтуынша, ВАЗ жеңіл автокөлігі қарсы бетке шығып, жүк көлігіне соғылған. Ауыр жарақат салдарынан жеңіл көліктің жүргізушісі мен екі жолаушы көз жұмды . Оның бірі – 2 жастағы бала. Оқиға орнына жедел жәрдем қызметкерлері мен өрт сөндірушілер, полиция жетті. Қозғалыс уақытша шектеліп, айналма жол ашылды. Адам өлімімен аяқталған жол-көлік оқиғасы дерегі бойынша алдын ала тергеу басталды.
Мәдина Нағашыбай