Жетісу облысында полицейлер бойжеткеннің өмірін құтқарып қалды, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

12 шілдеде таңғы сағат 04:30 шамасында Көксу ауданының Балпық би кенті маңындағы Алматы – Өскемен автожолының 240-шақырымында полиция қызметкерлерінің жедел және кәсіби әрекет етіп адам өмірін сақтап қалды.

Жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында алдын ала іс-шара жүргізіп жүрген әкімшілік полиция бөлімшесінің бастығы Марат Ұзақпаев пен Көксу ауданының учаскелік инспекторы Жұмабек Бақбергенге Toyota автокөлігін тізгіндеген азамат келіп, Көксу өзенінің каналы бойында бойжеткеннің жалғыз тұрғанын хабарлаған.

Хабарды алған бойда оқиға орнына дереу жеткен полиция қызметкерлері шамамен 20–25 жас аралығындағы бойжеткенді анықтаған. Ол өз-өзіне қол жұмсауға бел буғанын жеткізіп, "өлемін" деген сөздер айтқан. Қызметкерлер оны райынан қайтаруға тырысқанымен, ол суға секіріп кеткен.

Алайда тәртіп сақшылары өз өмірін қатерге тігіп, бір сәт те ойланбастан өзенге түсіп, ағыс бойымен бойжеткенге жүзіп жетіп, оны жағаға алып шыққан. Құтқару жұмысына сол маңда жүрген Жетісу облысы полиция департаментінің патрульдік полиция инспекторы Т.Кашкеев те белсенді түрде атсалысқан.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Logotype Massaget