Дональд Трамп Бейбітшілік жөніндегі Нобель сыйлығына ұсынылды.

Израиль премьер-министрі Ақ үйде болған кездесуде ұсыным хатты тапсырған. Трампты халықаралық беделді сыйлыққа Биньямин Нетаньяху ұсынды.

Биньямин Нетаньяху, Израиль премьер-министрі:

"Мен сізге тек барлық израильдіктердің ғана емес, сондай-ақ еврейлердің және сіздің көшбасшылығыңызға тәнті көптеген адамның ризашылығын жеткізгім келеді. Сіз еркін әлем, қауіпсіздік пен бейбітшілікке бастаушысыз. Ұлы мүмкіндіктерді іске асырдыңыз. Президент мырза сізді Нобель сыйлығының комитетіне ұсынған хатты сізге тапсырғым келеді".

Осы уақытта Ақ үйдің жанында бір топ америкалық Газа секторындағы Израиль шабуылдарын айыптап, наразылық шарасын өткізді. Олар Палестинаның туын желбіреткен.