АҚШ-тың Техас штатында алапат тасқыннан 24 адам қаза тапты. Сонымен қатар, талай үй мен автокөлік суға кеткен. Жолдар бұзылып, телефон желілері істен шықты. Осыған байланысты бірнеше округте төтенше жағдай жарияланды.

Жергілікті биліктің мәлімдеуінше, 25 тұрғын жоғалып кетті. Қазір іздеу-құтқару операциялары жалғасып жатыр. Ізім-ғайым кеткендер арасында лагерьге демалысқа барған оқушылар да бар. Ал Ақ үй тасқыннан зардап шеккендерге қосымша көмек көрсетуге уәде беріп отыр.

Арыстан Рысбек