Астанада цифрлық дипломатияға арналған форум өтті, деп хабарлайды 24kz.
Оған Қазақстан, Ресей, Қытай, Қырғызстан мен Өзбекстан елдерінің сарапшылары мен Тәжікстан мен Беларусьтің дипломатиялық миссия өкілдері жиналды. Сарапшылар әлемдегі қазіргі геосаяси жағдайды ескере отырып, Шанхай ынтымақтастық ұйымы аясындағы серіктестікті нығайту жолдарын талқылады. Былтырғы Шанхай ынтымақтастық саммитінде айтылған идеяларды негізге ала отырып, цифрлық ынтымақтастықтың әлеуетіне баса мән берілді. Мемлекет басшылары қол қойған Астана декларациясы мен терроризм, сепаратизм және экстремизмге қарсы күрес жөніндегі ынтымақтастықтың екі жылдық бағдарламасында цифрлық мүмкіндіктерді пайдалану мәселесі айтылған.
Таисия Мармонтова, «Аймақтық интеграцияны зерттеу институты» ҚҚ жетекшісі:
- Халықтық дипломаттар ретінде бүгін Шанхай ынтымақтастық ұйымының күн тәртібінде тұрған цифрландыру мәселесін зерделедік. Мақсатымыз – сарапшылар ой-пайымы арқылы Қазақстанның аймақтағы коммуникацияны ілгерілететін тұрақты мүше мемлекет екенін көрсету. Аумалы-төкпелі заманда жаһандық интеграциялық үдерістер геосаяси тәуекелдерге төтеп береді. Біз осыған қатысты ұсыныстар жинағын жасақтаймыз.Қазақстан қоғамдық және сарапшылық дипломатияның жаңа жолының промоутеріне айнала алады.