Иранның сыртқы істер министрі Аббас Аракчи Израильмен қақтығыс кезінде елдің ядролық нысандарына айтарлықтай залал келгенін мәлімдеді. Қазір Иранның Атом энергиясы ұйымы (ИАЭҰ) келген залалды бағалап жатыр, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі РИА Новости басылымына сілтеме жасап.

Ал Deutsche Welle басылымының мәліметінше, Израиль Иранмен 12 күнге созылған қақтығыстан келген шығынды 10 миллиард шекельге (шамамен 3 миллиард АҚШ доллары) бағалаған. Bloomberg агенттігінің ақпаратына сүйенсек, бұл қаражат зымырандардан зардап шеккен ғимараттарды қалпына келтіруге және жергілікті бизнеске өтемақы төлеуге қажет.

"Бұл — біз кезіккен ең күрделі мәселе. Израиль тарихында мұндай ауқымды жағдай болған емес", –деген Салық басқармасының басшысы Шай Ааронович.

Қаржы министрі Бецалель Смотрич соғыс салдары жалпы 12 миллиард долларға жетуі мүмкін екенін айтты.

Израиль Ұлттық банкінің басшысы Амир Ярон Bloomberg TV арнасына берген сұхбатында шығынды шамамен 6 миллиард доллар деп болжады.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Logotype Massaget