Иә Таяу Шығыстағы ахуалдың күрт шиеленісуіне байланысты бірқатар елде әуе рейстері уақытша тоқтатылды. Нақтыласақ, Израиль мен Иранның әуе кеңістігі толық жабылды. Ирак, Иордания, Ливан, Кувейт, Бахрейн және БАӘ-де ұшуларға шектеу қойылды. Қауіпсіздік мақсатында қазақстандық әуе компаниялары да Дубай мен Доха бағытындағы бірнеше рейсті кейінге шегерді. Бұл шектеу 1700 ден астам жолаушыға әсер еткен. Олардың 683-і шетелге ұшпақ болған, ал 1051 адам елге оралмақ еді. Тоқтатылған рейстерге байланысты жолаушыларға ыстық тамақ, қонақ үй және трансфер ұсынылды. Билеттерді тегін қайта брондау немесе толық қайтару мүмкіндігі қарастырылған. Көлік министрлігі жағдайды бақылауда ұстап отырғанын айтты.

Ернұр Медет