Иран мен Израиль 12 күнге созылған атысты тоқтатуға келісті. Және де бұл ымыра алдағы бірнеше сағатта күшіне енеді.
Мұны АҚШ президенті Дональд Трамп өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады. Құрама Штаттар лидерінің сөзінше, екі ел оған бір сәтте хабарласып, «бейбітшілікті» қалайтындарын айтқан.
Алайда, қақтығыс толық тоқтаған жоқ. Соңғы мәліметке қарағанда, Израильдің оңтүстігінде Иранның ракеталық шабуылынан 3 адам қаза тапты. Мұның алдында Иран әуе күштері АҚШ-тың Қатардағы әуе базасына соққы берді. «Ассоушиэйтед пресс» агенттігінің хабарлауынша, Израиль ресми түрде бітімді қабылдамаса да, жергілікті уақытпен таңғы сағат 4-тен кейін оның ұшақтары Иранға соққы бергені туралы хабар түспеген.
Арыстан Рысбек