Иран Израильдің оңтүстігіне әуе шабуылын күшейтті, деп хабарлайды 24kz.
Тегеран әуе күштері Беэр-Шева қаласындағы Microsoft компаниясына тиесілі кеңсе жанындағы технопаркті атқылады. Бұл туралы CNN агенттігі хабарлады. Иранның зымыран соққысынан кейін парктен өрт шыққан. Әзірге зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ. Иран сақшылар корпусы Microsoft кеңсесі маңын атқылағанын растады. Тегеранның мәлімдеуінше, компания Израильдің әскери құрылымына қолдау көрсететін ұйым болғандықтан нысанаға алған.