Қарағанды облысында соңғы екі айда қала мен ауылдық елді мекендерден 40 мың тонна қоқыс шығарылды, деп хабарлайды 24KZ. Жалпы аумағы 5 мың гектар жер тазаланды.
Мысалы, Талды ауылында 1500 тонна қоқыс арнайы орынға төгілген. Сонымен бірге ардагерлер ескерткішінің маңы абаттандырылып, жарық шамдары қойылды. Ал көшелерге жүзге жуық ағаш егілді.
Алтай Саркенов, Талды ауылдық округі әкімдігінің жетекші маманы:
- Тазалық ауыл азаматтарының өз үйінен, ауласынан басталу керек деп ойлаймын. Өз ауласын дұрыс ұстаса, бүкіл ауылымыз таза болады. Кірген бетте ауылың таза болса , ауылдың азаматтары туралы жақсы пікір қалдырады деп ойлаймын.