19 маусымда депутат Дәулет Тұрлыхановтың ұлының ісіне қатысты іс бойынша сот отырысы болады. Ол өтелмеген жаза мерзімін айыппұлмен өтегісі келеді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Заңгер Анна Чернова өзінің Instagram-дағы парақшасында Нұрасыл Болат жаңа өтініш жазғанын хабарлады.
"Қазіргі таңда ол жазасын өтеп жатыр, бірақ жақында біз оның өтелмеген жаза мерзімін айыппұлмен өтеуге өтініш жазғанын білдік. Мекеме басшысы оған қарсы. Мен де", — деп жазды Чернова.
NUR.KZ тілшісі соттың баспасөз қызметіне пікір сұрап жүгінді. Алатау соты Нұрасыл Болат осындай өтініш жазғанын растады. Сот отырысы 19 маусымға жоспарланған.