Астана әкімдігі Кәрім Мәсімовтің үйін коммуналдық меншікке қабылдамайды, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл туралы редакциясының сауалына жауапта айтылған.

"Астана қаласы активтер және мемлекеттік сатып алу басқармасы" ММ қазіргі уақытта аталған ғимаратты коммуналдық меншікке қабылдау жоспарланбағанын мәлімдейді", – делінген ведомство жауабында.

Айта кетейік, бұған дейін қайтарылған активтерді басқару компаниясы бұрынғы премьер-министр Кәрім Мәсімовтің Астанадағы үйі елорда әкімдігінің сұрауынан кейін әлеуметтік мақсатқа беріледі деп мәлімдеген болатын.

Кәрім Мәсімовтің үйі Қараөткел шағынауданында, Ерейментау көшесі, 1 мекенжайында орналасқан. Бұған дейін бұл нысан 879 мүлікпен бірге аукционға қойылған. Олардың ішінде жиһаз, тұрмыстық заттар, әшекейлер, коллекциялық монеталар мен кәдесый қару-жарақтар бар.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Logotype Massaget