Жыл басталғалы Астанада түнгі уақытта ата-ана қарауынсыз жүрген 1500 жасөпірім анықталды. Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, олардың арасында сауықтыру орталықтарында уақыт өткізгендер көп. Келеңсіздіктің алдын алу үшін «Заң мен тәртіп» қағидасы аясында елорданың білім ордалары мен спорт мектептерінде түсіндіру жұмыстары өткізіліп жатыр. Мәселен бүгін жүздеген оқушы мен студент олимпиада жүлдегерлерімен кездесті. Әйгілі спортшылар жастарға өмір жолдарын әңгімелеп, жетістікке жетудің жалғыз жолы тәртіп пен табандылық екенін айтты.

Маратбек Мырзамұрат, Алматы ауданының прокуроры:

Спортшылардан тиісті сұхбат арқылы өздерінің сұрақтарына жауап алып, өзінің әрі қарай өмір жолының бағытын айқындайды. Сол үшін ұйымдастырылып отырған шара бұл. Жылдың соңына дейін осындай іс-шаралар ұйымдастырыла бермек.

Жанел Өтеулі