Биыл Қазақстанда Құрбан айт мейрамы 6-8 маусым аралығында атап өтіледі, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі .

Осыған орай Астанада құрбан шалуға арналған арнайы орындар белгіленді. 6 маусымда таңғы сағат 6:00-де қаланың барлық мешітінде айт намазы оқылады.

Астанада арнайы орындарда сағат 8:00-ден 18:00-ге дейін құрбандық шалынады. Қалада мынадай 5 орын белгіленді:

Байқоңыр ауданы:

  • Жайлау базары, Алаш тасжолы, Ц-313 көшесі;
  • Big Шанхай базары, Алаш тасжолы, 34/6 (Көк базардың артында);
  • Баракат базары, А-369 көшесі, №10 ғимарат;
  • Шәушен шаруа қожалығы, Алаш тасжолы, 136Б.

Алматы ауданы:

  • "Ет-Хан" ет цехы, Теміржолшылар тұрғын алабы, Ақжар көшесі, 20.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Logotype Massaget