Белгілі әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың жары Мөлдір Мұқанова желіде жобадағы жаңылысқан жері туралы айтып, ел алдында ақталды.

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Актриса желіде жан сырын ақтарды.

«Әр түрлі тағдырлар тоғысқан осы керемет жобада мен жүргізуші боламын деген ой тіпті түсіме де кірмеген шығар. Баян Мақсатқызы ұсыныс түскенде таңданыстан бұрын, қорқыныш жауапкершілік басым болды.

Қазақстанның шоу-бизнесінде өзіндік ерекше орыны бар, бөлек көзқарасы бар, заманауи уақытпен мен ұлттық мүддені керемет жеткізе алып жүрген продюсер маған осындай ұсыныс жасағаны санамды шайқап жіберді рас.

Ааал енді маған сенім артқан майталмандардың ойынан шықтым ба, халыққа жеткізе алдым ба? оны әлеуметтік желіде талқылап та, қолдап та жатқан өздеріңіз.

Ал мен тырыстым. Бойымда күш-қуатым, ерік-жігерім барда мен өсе беруге дайынмын. Иә, кешегі сахнадағы әдеміліктің артында менің ішкі қорқынышым, толқуым, сезімдерімнің лап еткені сонша, көзім көрмей, сөздер де аузыма түспей қалған сәттер де болды», — деп ақталды актриса.