Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев те елордаға ат басын бұрды , деп хабарлайды 24kz.

Мәртебелі мейманды Премьер-министр Олжас Бектенов қарсы алды. Өзбек басшысы елордада өтетін «Орталық Азия – Италия» саммитіне қатысады.

Айта кетейік, Өзбекстан – Қазақстанның маңызды сауда серіктесі. Екі ел арасындағы өзара сауда көлемі былтыр 4 млрд доллардан асты. Осы жылдың бірінші тоқсанында бұл көрсеткіш 1 млрд долларды құрап, шамамен 12%-ке артты. Алдағы уақытта бұл көрсеткіш 10 млрд долларға дейін жетуі тиіс. Ынтымақтастықтың басым бағыттары – су-энергетика және транзиттік-көлік салалары, ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп кооперациясы.