Алматы облысы мамыр айын ұзақ демалыспен және мазмұнды бағдарламамен қарсы алмақ. Қалалық мерекелер мен фестивальдерден бастап, ұлттық спорт түрлері, интеллектуалды турнирлер мен ірі халықаралық жарыстарға дейін ұйымдастырылады деп жоспарланған.

Біз 1–9 мамыр аралығындағы басты оқиғаларды жинақтадық — демалыс форматын көңіл-күйіңізге қарай таңдаңыз...

Қонаев: велошеру, фестиваль және баскетбол

Облыс орталығындағы мерекелік шаралар 1 мамыр күні таңертең басталады. Тұрғындар мен қонақтарды белсенді және отбасылық форматтар күтеді.

1 мамыр. 09:00 — велошеру (Орталық саябақ).
1 мамыр. 09:30 — «Бірлік» фестивалі (Орталық алаң).

Командалық спорт түрін ұнататындар үшін облыстық жарыстар өткізіледі:

1–4 мамыр. 10:00–18:00 — жасөспірімдер мен қыздар арасындағы баскетболдан чемпионат (Қонаев қ., Спортты дамыту дирекциясы).

Ал әсерлі халықаралық додаларды тамашалағысы келетіндер Алатауға барса болады:

2–9 мамыр. 08:00–18:00 — стендтік атудан Әлем кубогы (Алатау қ., Асанов атындағы ату клубы). Бағдарламада — апта бойы өтетін жарыс күндері.

Қарасай ауданы (Қаскелең): мерекелік алаң және қазақ күресінен турнир

1 мамыр. 10:00 — Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған мерекелік бағдарлама (Қаскелең қ., Орталық алаң).

Спорттық блок бірнеше күннен кейін жалғасады:

5–6 мамыр. 09:00 — «Ұстаз Барысы — 2026» қазақ күресі турнирі (Қарасай ауданы, Қаскелең қ., №1 БЖСМ).

Талғар: қазақ күресі және бокс

Бұл күндері Талғар жекпе-жек сүйер қауым үшін басты орындардың біріне айналады.

1–3 мамыр. 09:00–18:00 — жас спортшылар арасында қазақ күресінен республикалық турнир (Талғар қ., №2 БЖСМ).

5–9 мамыр. 09:00 — Есет Нүсіпановты еске алуға арналған бокстан республикалық ашық турнир (Талғар ауданы, Талғар қ., Рысқұлов көшесі, 68а).

Ұйғыр ауданы (Шонжы): тоғызқұмалақтан чемпионат

Сабырлы, бірақ қызықты форматты қалайтындар үшін интеллектуалды ойын ұсынылады:

1–3 мамыр. 09:00–18:00 — балалар мен жасөспірімдер арасында тоғызқұмалақтан облыстық чемпионат (Ұйғыр ауданы, Шонжы ауылы, БЖСМ).

Қаракемер: көкпар

Ұлттық спорт түрлері — облыстың мамыр айындағы афишасының міндетті бөлігі:

2 мамыр. 12:00 — көкпардан командалық жарыстар (Қаракемер ауылы, көкпар алаңы).

Таңбалы Тас және ASP Club: ультрамарафон және маёвка

Мамыр айын табиғат аясында және қозғалыста өткізуді жоспарлайтындар үшін қала сыртына шығуға екі тамаша себеп бар:

1–3 мамыр. 10:00–18:00 — Tengri Ultra 2026 (Таңбалы Тас).

1–3 мамыр. 12:00 — SHAKEFEST + ASP маёвкасы (ASP Club, Қонаев).
Іле ауданы: ауыр атлетика

2–3 мамыр. 09:00–18:00 — ауыр атлетикадан чемпионат (Іле ауданы, №18 орта мектеп). Қатысушылар жастар, сондай-ақ ерлер мен әйелдер арасында бақ сынайды.

Сондай-ақ «Достық алаңы» футбол турнирі (Өтеген батыр кенті, стадион) жоспарланған, бірақ афишада нақты уақыты көрсетілмеген.

Еңбекшіқазақ ауданы (Есік және Шелек): асық ату және жастар кеші

4–6 мамыр, 09:00–18:00 — балалар арасында асық атудан чемпионат (Есік қ., дене шынықтыру-сауықтыру кешені).

5 мамыр. 18:00 — Patriot Fest гала-кеші (Шелек ауылы, саябақ алаңы): жастарға арналған концерттік бағдарлама.

Сонымен қатар, Есік қаласында концерттік бағдарлама мен этномәдени орталықтардың көрмесі (Жамбыл Жабаев атындағы Жастар саябағы) жоспарланған, бірақ уақыты көрсетілмеген.

Кеген ауданы: таланттар байқауы және шағын футбол

2 мамыр. 13:00 — «Тәңіртау таланттары» облыстық таланттар байқауы (Кеген ауылы, Мәдениет үйі).

4–6 мамыр. 10:00–15:00 — педагогтар арасында шағын футболдан турнир (Кеген ауданы, Ж. Ермегияев атындағы орта мектеп).

Жамбыл ауданы: жастар үшін ашық есік күні

6 мамыр. 10:00 — ErIk жобасы аясындағы Ашық есік күні (Жамбыл ауданы, Б. Момышұлы атындағы 28237 әскери бөлімі). Жастарға арналған іс-шара ретінде жарияланған.

Нарынқол: суреттер байқауы

Нарынқолда «Бірлік пен достық» тақырыбында суреттер байқауы жоспарланған.