Жыл басынан бері Абай облысының Полиция департаментіне із-түссіз жоғалған азаматтарға қатысты 155 өтініш түскен , деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Жүргізілген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде 151 адамның мекенжайы анықталды.
Қазіргі уақытта 4 адамды іздестіру жұмыстары жалғасуда. Әрбір жағдай бойынша учаскелік инспекторлар, криминалдық полиция қызметкерлері, еріктілер мен басқа да мүдделі қызметтердің қатысуымен кешенді іс-шаралар ұйымдастырылған.
Талдау көрсеткендей, жоғалғандардың басым бөлігін кәмелетке толмағандар мен психикалық дертке шалдыққан азаматтар құрайды.
Мұндай жағдайларға көбінесе отбасындағы келіспеушіліктер, эмоционалды тұрақсыздық және назар аударуға деген қажеттілік себеп болады.Жедел әрекет ету, туыстарымен бірлескен жұмыс, азаматтардың көмегі мен заманауи технологияларды қолдану арқасында жоғалған адамдардың басым бөлігі қысқа мерзімде табылуда.Полиция департаменті азаматтарды жақын жандарға, әсіресе балалар мен психикалық ауытқуы бар адамдарға ерекше көңіл бөлуге шақырады.
Оқи отырыңздар:
- Туған күн кешіне жиналған жасөспірімдерді өлтіріп кетті
- Қыз алып қашудың соңы өліммен аяқталды
Адам жоғалған жағдайда ішкі істер органдарына дереу хабарласу қажет – ақпараттың дер кезінде түсуі оң нәтижеге қол жеткізу мүмкіндігін арттырады.