Алматыда ақын, күйші, композитор Жүсіп Қыдыровтың шығармашылығына арналған «Жүсіпнама» кітабы жарыққа шықты.

Ақын әдебиетке өткен ғасырдың 60-жылдары келді. Өлең, поэмалардан өзге 40-тан аса күй мен 15 ән шығарған. Бүгінгі жинаққа көзі тірісінде жариялап үлгермеген сол 16 күйдің нотасы басылды. Дені шертпе күйлер. Кітапқа ақын-жазушылардың Жүсіп Қыдыров туралы жазған естеліктері мен мақалалары да жинақталыпты. Жүсіп Қыдыров 1937 жылы Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы Талап ауылында туған. Оның «Тұңғыш кітап», «Жанартау жүрек», «Мың бір күн» секілді көптеген өлеңдер жинағы кезінде өз оқырманын тапты. Сонымен қатар шығыстың шайырлары Рудакиді, Хафиз бен Физулиді қазақша сөйлетті. Жинақты құрастырушылар енді ақынның жарияланбай қалған күйлерін жастар білсе дейді. Олардың арасында Назбедеу, Ата қоныс, Жетісу толғауы секілді тың дүниелер бар.

Аягөз Нұрсұлтан, кітапты құрастырушы:

- Күйлері жарыққа шықпаған, ешкім орындаған жоқ. Сондықтан да неге мұндай біздің күйшілеріміз тыс қалуы керек, мұндай күйшілерді неге жарыққа шығармасқа. Біз мысалы үшін Құрманғазының, Динаның «Балбырауын», «Адай» басқа күйлерін орындаймыз. Ол құлаққа сіңген нәрселер. Неге біз осындай тың күйлерді жырыққа шығармасқа деген мақсатта «Жүсіпнама» деген осы кітап жарыққа келді.