Танымал композитор , марқұм болған Арман Дүйсеновтың жары Айсұлу елден көмек сұрап, алғаш рет ел алдында сұхбат берген еді.

Бүгінде оның адвокаты да еліміздің мүйізі қарағайдай әншілерінен көмек сұрады, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Бұл туралы ол өзінің желідегі парақшасында мәлімдеді.

«Арман Дүйсеновтың жұбайы Айсұлу ханымның басына салғанын, ешкімнің басына салмасын.

Әуелі жолдасы Арманның, одан кейін баласы Абылайдың қазасы, енді міне сот қалған отбасы мүшелерін үйден шығару туралы шешімде шығарған.

Маған ұсынылған құжаттарды зерделей отырып, бұл істің көлеңке жақтары өте көп екенін аңғардым.

Бір отбасына соншама ауыртпашылықтың бірден төнуі әрине қиын жағдай.

Мұндай кезде кешегі жақындары алыстап, қиындықпен көп жағдайда жалғыз қалатыны рас, десе де, Айсұлу ханымды қарапайым халық жалғыз қалдырмайық.

Қарап отырсам жүйкесі жұқарып, денсаулығы да сыр берген. Менің көзімше қанша рет дәрі ішті.

Жалғыздың үні шықпас,осы бағытта атқаратын ісімізге сіздердін қолдауларыңыз ауадай қажет. Ерім деген ел болмаса, елім деген ер болмас.

Кезінде Шерзаттың ісінде өнер адамдары, блогерлер қайғылы оқиғаны көтеруден қашқақтап шет қалғандары естеріңізде шығар. Қарапайым халық челендж жасап, біразынан отписка жасағанда болатын.

Таныс әншіден сұрағанымда, бізді жинап алып тыныш отырыңдар деген соң-отырдық деп жауап бергені бар еді.

Мені, Айсұлу ханымды қарапайым халық қолдайтынына сенімдімін. Деседе кеше Арманмен ән салып, дастархандас болған @gazizkhan , @m_besbaev , @saken_maigaziyev , @toktar_beibit, @karakat_kydyrali_jj , @rinat_zaitov_resmi сияқты тағыда басқа “ірі азаматтар” да үн қатып, ең болмағанда репост жасап қолдайды деген үміттемін.

Арманның аруағының разылығы үшін, бірлікте болып, Әділдікке бірге жетейік.

Істі өз өндірісіме алдым. Әрекет бізден, қолдау сіздерден ағайын», — деп жазды адвокат.