Қоғам белсендісі Құрал Сейітханұлы әмеңгерлік жолды заңдастыру керек екенін айтты.

Бұл туралы ол Facebook желісіндегі парақшасында жазды, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

”Тоқал алатын заман тарихтың қойнауына кеткен. Қазіргі заман тоқал алатын уақыт емес. Себебі қазір ер мен ұрғашының саны теңескен заман. Баяғы Алқакөл Сұламаның кезіндегідей ұрғашының саны еркектен 5-6 есе көп емес.

Қазір ары кетсе әмеңгерлік жолмен ғана екінші рет үйленуге болар? Себебі бұл біздің бабалар жолы. Осы әмеңгерлік жолды заңдастырса қолдар едім.

Омар Жәлел ағамыз тоқал алудың қате екенін кеш те болса түсініпті. Бірақ оның қате екенін осыдан 15-жыл бұрын Санжар Керімбай айтып еді.

Айтпақшы соңғы кездері тоқалдар әлеуметтік желі арқылы байларын бопсалайтын үрдіс қалыптасқан секілді. Өткенде бір тоқал өзінен 20-жас үлкен Парламент мәжілісінде отырған күйеуі жайында: Баласынан бас тартқан әке жайында айтып беремін деп желіні шулатып, қорқытып, соңынан сөзінен тайып кетті.

Ал енді Омар Жәлел ағамыздың мына тоқалы ағамызды сотқа беремін деп айбат шегіп тұр”, — деп жазды қоғам белсендісі.

Естеріңізге салсақ, мәжіліс депутаты Абзал Құспан тоқал алуды заңдастыруды айтқан еді.