Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бұйрығымен Илья Васильевич Скуб Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Илья Скуб 1987 жылы Целиноград қаласында дүниеге келген. Қаржы полициясы академиясын бітірген.
2007-2015 жылдары – Астана қаласындағы Қаржы полициясы органдарында қызмет еткен;
2015-2016 жылдары – «Vasil Sport» ЖШС заңгері, Астана қаласы;
2016-2019 жылдары – «Астана қаласының Жұмыспен қамту, еңбек және әлеуметтік қорғау басқармасы» ММ Арнаулы әлеуметтік қызметтер және әлеуметтік мекемелер қызметін үйлестіру бөлімінің басшысы;
2019-2025 жылдары – «Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы» ММ басшысының орынбасары, басшысы болған.