Жапониядағы қор нарығы рекордтық көрсеткішке жетті.

Nikkei 225 индексі алғаш рет 50 мың тармақтан асып, тарихтағы ең жоғары деңгейге көтерілді. Қор нарығындағы ахуалға байланысты сарапшылар әр түрлі пікір айтып жатыр. Бірі бұны жаңа премьер-министрдің Санаэ Такаитидің билікке келуімен байланыстырады. Енді бірі АҚШ пен Қытай арасындағы сауда байланысындағы оң өзгерістер аймақтағы нарықтарға ықпал етті дейді. Қазір Гонконг, Сеул және Шанхай биржалары өсім көрсетіп отыр.