Республика күнінің қарсаңында көрнекті қаламгер Шерхан Мұртазаның бірқатар туындысы Ұлттық архивке табысталды. Олардың арасында әйгілі «Қызыл жебе» романының түпнұсқа қолжазбасы, кеңестік билікке қарсы шыққан қазақ зиялыларының күресін суреттейтін «Бесеудің хаты» драмасы, сондай-ақ Тұрар Рысқұлов туралы зерттеу жазбалары бар.
Сонымен бірге жазушының бұрын еш жерде жарияланбаған фотосуреттері, жеке хаттары мен жазба дәптерлері көрмеге қойылды. Іс-шараға белгілі қоғам қайраткерлері, жазушының туыстары және әдебиеттанушылар қатысты.
Дихан Қамзабекұлы, "Қазақ газеттері" ЖШС бас директоры:
- Бүгінгі мәдени шара халқымыздың жалпы мұраға, қазынаға, рухани құндылықтарға деген елдік көзқарасының бір деңгейін көрсетеді. «Егемен Қазақстан» газетінде сақталған, 2016 жылы Жуалыдан жеткен бір пара еңбегі бар. Ол 6 мың парақтан асады. Соның барлығын біз ұлтпен бірге жасайтын, ұлттың құндылықтарымен бірге әлемге танытылатын Ұлттық архивке тапсырып отырмыз. Шерағаңның негізгі мұраларының қолжазбаларының бәрі дерлік осында.