Әлемдік сахнада өнер көрсетіп, халықаралық байқауларда Қазақстан атын танытқан өнер иелеріне құрмет көрсетілді.

Мәдениет және ақпара министрі Аида Балаева жас өнерпаздармен кездесті. Іс-шараға «Жаңа толқын», «Славян базары», Витебск және «CLIP" сынды белді бәсекелердің жеңімпаздары қатысты. Отырыс еркін әңгімелесу форматында өтті. Жас таланттарды, олардың ұстаздарын қолдау мәселесі талқыланды. Әртістер ведомства басшысына өз идеяларын айтып, ұсыныстарын жеткізді. Өз кезегінде Аида Балаева демеу жалғаса беретінін жеткізді. Кездесу соңында жеңімпаздарға алғыс хат пен естелік сыйлықтар табысталды. Жаһандық додаларда жеңіс тұғырынан көрінген таланттың бірі – Алмагүл Батталиева. Ол Славян Базары — 2025 байқауының гран-при игері. Әнші отырыста бірнеше сұрақ қойып, министр жауабын алғанын айтты. Сондай-ақ өз саласын дамытуға қатысты бірқатар ұсыныстарын жеткізген.

Алмагүл Батталиева, «Славян Базары» байқауының гран-при иегері:

- Ұлттық іріктеуден 8 жыл бойы өте алмадым. Бірақ бұл мені тек қана өсірді деп білемін. Өйткені сегізінші жылы өтіп, гран-при алып, Қазақстанның туын көтеріп, қуанышқа кенеліп жатырмыз. Дайындық жарты жыл көлемінде қарқынды жүрді. Үлкен мәртебе мен үшін. Сондай отырыста өз пікіріммен бөлісіп, ұсыныстар жасап деген сияқты.