Халықаралық UCLA компаниясының жыл сайынғы зерттеуінде Қазақстанның мобильді интернеті қарқынды дамып келе жатқаны анықталды . Соңғы рейтинг бойынша еліміз дүниежүзінде 45-орында, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Ең қызығы – интернет бағасы бойынша Қазақстан ең арзан он елдің қатарына кіреді, бірақ сапасы әлемдік деңгейде жоғары. Яғни, баға мен сапа теңгерімінде біз ұтамыз.
Сарапшылардың айтуынша, Қазақcтан – Орталық Азия мен ТМД бойынша ең жылдам мобильді интернеті бар ел. 5G технологиясын енгізу қарқыны жағынан да біз аймақтық көшбасшымыз. Компаниялар арасында Tele2 операторының 5G желісі қазір еліміздегі ең жылдам деп танылды. Дегенмен, кейбір аймақтарда жабдықтау мен қамту мәселелері әлі де бар.
«Желі – тірі организм секілді. Бүгін екі жаңа базалық станция орнатсақ, ертең тұрғындардың өтінішімен біреуін өшіруге тура келеді», – дейді компания өкілі.