БҰҰ Иранға қарсы санкцияларды қайта енгізеді.
Қауіпсіздік кеңесі Тегеранға шектеу шараларын тоқтатуға бағытталған қарарды қабылдамады. Нәтижесінде шектеу 28 қыркүйекте қайта күшіне енеді. Қарарды Ресей, Қытай, Алжир және Пәкістан қолдаса, АҚШ, Франция, Германия мен Ұлыбритания қарсы дауыс берді.