Осы алқалы жиында Қасым-Жомарт Тоқаев бір топ съезд қатысушыларын марапаттады , деп хабарлайды 24kz.
Атап айтқанда Дүниежүзілік даошылар федерациясының төрағасы Ли Гуанфу мен Видьявихар университетінің президенті Самир Шантилал Сомайяға ІІ дәрежелі «Достық» ордені табысталды. Ирандағы Ислам мәдениеті және байланыстары ұйымының президенті Мухаммад Мехди Иманипур «Шапағат» медалімен наградталды. Ал, дінаралық диалогқа қосқан үлесі үшін Астана халықаралық сыйлығы БҰҰ ислам фобиясымен күрес жөніндегі арнаулы өкіліге берілді. Сонымен қатар бірқатар халықаралық ұйым мен түрлі дін өкілдері съездің «Құрмет» медалімен және ізгі ниет елшілерінің айрықша белгілерімен марапатталды.