Түркістан облысында «Келешек мектебі» ұлттық жобасымен 29 мектеп салу жоспарланса, 21 -і пайдалануға берілді, деп хабарлайды 24kz.

Қалғаны жыл соңына дейін тапсырылады. Заманауи білім ошағының көбі ауылдарда ашылды. Қазір 20 мыңға жуық бала жаңа мектепке барып жүр. Мысалы, Сауран ауданы, Сұлтанбек Қожанов ауылындағы мектеп 300 оқушыға шақталған. Оқу кабинеттері заман талабына сай жабдықталып, интерактивті құрылғылар алынды. Спорт залы, жүз балаға арналған асхана, 115 орындық акт залы, би шеберханасы мен зертхана бар. Қысқасы, мұнда балалар үшін қауіпсіз, жайлы орта қалыптасқан.

Дана Омарханова, оқушы:

- Ескі мектепте оқыған кезде бізде көп мүмкіндік болмады. Ал қазіргі таңда «Келешек мектепке» көшіп келгелі біздің мүмкіндігіміз арта түсті. Әр пәннің өзінің кабинеті бар. Физака пәнінде физикалық тәжірибе жасай аламыз, аспаздық кабинетте қыздар тағамдар жасайды, ұлдар техникалық кабинетте өздері неше түрлі заттар жасайды.

Абай Ақжанов, С.Қожанов атындағы жалпы білім беретін мектеп директоры:

- «Келешек мектептің» негізгі мақсаты, миссиясы – балалардың жағдайын жасай отырып, білім сапасын көтеру. Сол себепті қазіргі таңда біздің оқушылардың толық жағдайы жасылған. Ең бастысы, жоғары сапалы нәтиже көрсету – бізідң міндетіміз.