Ақордада елімізге мемлекеттік сапармен келген Конго Демократиялық Республикасының президентін ресми қарсы алу рәсімі өтті, деп хабарлайды президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Алдымен Қасым-Жомарт Тоқаев пен Феликс Чисекеди бір-біріне делегация мүшелерін таныстырған.
Содан соң Құрмет қарауылының бастығы рапорт беріп, екі елдің әнұрандары орындалған.



Айта кетейік, Феликс Чисекеди Қазақстанға мемлекеттік сапары аясында жоғары деңгейдегі келіссөздер жүргізіліп, екіжақты ынтымақтастықты дамыту перспективасы талқыланады.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз