Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен цифрлық штаб отырысы өтті. Отырыста Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына жолдауында қойған міндеттерге назар аударылды , — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Мемлекет басшысы цифрлық қалыпқа көшу арқылы экономиканың барлық саласын жаңғырту міндетін қойды. Сондықтан ЖИ енгізу нақты нәтижеге бағытталуға тиіс", — деді Олжас Бектенов.
Отырыс қорытындысы бойынша бірыңғай ұлттық цифрлық жүйені құруға бағытталған бірқатар шешім қабылданды.
Мемлекеттік органдарға мынадай тапсырмалар берілді:
- 15 қарашаға дейін денсаулық сақтау саласының басым бағыттарына НҚА-ға тиісті өзгерістер енгізіп, отандық стартаптардың шешімдерін енгізу;
- 20 желтоқсанға дейін денсаулық сақтау саласындағы 7 әртүрлі ақпараттық жүйені Qaztech базасындағы интеграцияланған 2 платформаға біріктіру;
- 1 желтоқсаннан бастап электр және жылу желілерін диагностикалау үшін жасанды интеллекті технологияларын енгізу;
- 20 желтоқсанға дейін елдің отын-энергетикалық кешенінде салалық ақпараттық қауіпсіздік орталығының жұмысын қамтамасыз ету.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!