Матчқа байланысты Астана-Арена маңында көлік қозғалысы уақытша шектеледі.
Дәлірек айтсақ, «Алау» мұз сарайы мен «Сарыарқа» велотрегі жағындағы жолдар жабылады. Шектеулер ойын басталардан бірнеше сағат бұрын енгізіліп, футбол аяқталғанша жалғасады. Астана әкімдігі уақытша қолайсыздықтар үшін алдын ала кешірім сұрап, түсініністікпен қарауға шақырды.