0:00:00
0:00:00Жаңалықтарды Telegram арнамыздан оқыңыз!
Қолында санаулы малы бар адам да, ұлттық ауыл шаруашылығы санағына қатысуға міндетті. Ұлттық статистика бюросы өкілдерінің ақпарынша, биылғы санақ 2 млнға жуық үй шаруашылығы, 300 мың ауыл шаруашылығын қамтымақ. 1 тамыз бен 20 қазан аралығында өтетін санақ екі кезеңге бөлінеді: Алдымен sanaq.gov.kz сайтында онлайн-сауалнама жүргізіледі. Кейін интервьюерлер 20 қыркүйек пен 20 қазан аралығында үй шаруашылықтарын жеке аралайды. Санаққа шаруа және фермер қожалықтары, заңды тұлғалар, жеке кәсіпкерлер, сонымен қатар мал ұстайтын немесе жері бар жеке үй шаруашылықтары қатысуы тиіс. Сауалнама барысында азаматтардан жер, мал, техника, еңбек ресурстары мен шаруашылықтың басқа да қырлары туралы ақпарат сұралады. Барлық мәліметтер құпия сақталмақ.
Мақсат Тұрлыбаев, ҚР СЖРА Ұлттық статистика бюросының басшысы:
Екі мың жиырма бесінші жылғы ұлттық ауыл шаруашылығы санағы қазақстанның аграрлық секторын және азық-түлік қауіпсіздігін тұрақты дамытуға арналған стратегиялық маңызы бары іс-шара екенін тағы бір айтамын. Алынған деректер тиімді мемлекеттік саясат пен барлық деңгейдегі ауыл шаруашылығы өндірушілерін қолдауға негіз болады.
Динара Жарқынбек