Қытайдың Тяньцзинь қаласы Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы тарихындағы ең ірі саммитке әзірленіп жатыр. Ол басқосу тамыздың 31-і мен қыркүйектің 1-і күндері өтеді. Жиынға әлемнің 20-дан астам елінің басшылары мен халықаралық ұйымдардың жетекшілері қатысады.
Саммит қарсаңында Шанхай Ынтымастастық ұйымының суреттері 15 мың жерде көрініс тапты. Сонымен қатар, 63 станцияда көптілді аудармашылар орнатылды. Олар әлемнің 40 тіліне тәржімалай алады.
Айта кетсек, Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына Еуразия аумағының 60 пайызы мен жер шары тұрғындарының жартысы кіреді.
Дәл осы Шанхай ынтамақтастығы ұйымының саммитіне Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қатысады деп жоспарланған.
Арыстан Рысбек