0:00:00

0:00:00

Жаңалықтарды Telegram арнамыздан оқыңыз!

Ресейде 1 млн гектар алқапты үсік шалған. Іргелес елдің бірқатар өңірінде өткен аптада қар жауып, ауа температурасы күрт төмендеген еді. Салдарынан 23 аймақта егістік алқаптары мен бақша дақылдары үсіп кеткен. Бірнеше өңірде төтенше жағдай режимі жарияланды. Ал шаруалар миллиардтаған шығынға батуы мүмкін. Мамандардың мәліметінше, биыл астық 30–40 пайызға аз болады. Жыл сайын Ресей ауыл шаруашылығы өнімдерін 140 мемлекетке экспорттайтын. Биыл сыртқа сауда айтарлықтай азаяды, дейді мамандар.

Аркадий Злочевский, Ресей Астық одағының президенті:

«Былтыр да аяздың салдарынан астық түсімі төмен болған. Биыл да жағдай мәз емес. Оған қоса, санкцияға байланысты елде сапалы тұқым жоқ. Осы жылы бидай экспорты айтарлықтай төмендейді. Ал біздің басты экспортерларымыз — Қытай, Түркия және Қазақстан.»

Индира Бегайдар