Батыс Қазақстан облысында мал ұрлығымен айналысқан күдіктілер ұсталды.

Батыс Қазақстан облыстық полиция департаментінің кри­миналдық полиция басқар­масы қызметкерлері Бөкей орда және Тасқала аудандарының поли­ция бөлімдерімен бірлесіп жүр­гізген жедел-іздестіру іс-шара­сы нәтижесінде мал ұрлы­ғымен айналысқан төрт адамды тұтқындады.

Бұл адамдар өткен жылғы қара­ша айынан биылғы маусым айына дейін Бөкейорда ауданы аумағында еркін жайы­лымда жүрген ірі қара малдарын ұрлаумен айналысқаны анықталып отыр. Барлығы 49 бас ірі қара малы ұрланған. Мал иелеріне келтірілген жалпы шы­ғын шамамен 20 млн теңгені құрайды.

«Осы оқиға бойынша қазір қылмыстық іс қозғалды. Күдік­ті­лердің екеуі уақытша ұстау изоля­торына қамалды. Сонымен қа­тар олардың мал ұрлығы бойын­ша тағы үш қылмысқа қатысы бар екені анықталды. Қазіргі уа­қыт­­та олардың өзге де осыған ұқсас қыл­мыстарға қатысы бар-жоғы тек­серіліп жатыр», делінген БҚО Полиция департаментінің баспа­сөз қызметі таратқан хабарламада.

Батыс Қазақстан облысы