Қазақстан Халқы Ассамблеясы мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту бағытында түрлі креативті бастамаларға басымдық береді.

Бұл туралы Ұлытауға барған сапарында Парламент Сенатының депутаты Геннадий Шиповских айтты. Сенатор өңірдегі этномәдени бірлестік өкілдерімен кездесуде «Мемлекеттік тіл — этносаралық қатынас тілі» жобасының жүзеге асырылу барысын баяндады. Тіл жанашырларын бір алаңға топтастырған бағдарлама Ассамблея тарапынан қолға алынған 13 жобаның бірі. Бұдан бөлек елдегі Достық үйлерінде 120-дан астам тіл үйірмесі жұмыс істейді. Соның жартысына жуығы қазақ тілін үйретеді.

Геннадий Шиповских, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

- «Мемлекеттік тіл-этносаралық қатынас тілі» жобасымен барлық санаттағы азаматтарды қамтып отырмыз. Түрлі этностарға емін-еркін қазақ тілін қалай тезірек үйренуге болатыны, қалай меңгеруге болатынын түрлі лайфхакқа толы жоба. Біздің Ассамблея мүшелері өздерінің ойларын, ұсыныстарын жеткізді. Осы «Мемлекеттік тіл — этносаралық қатынас тілі» жобасын толығымен қолдайтындарын жеткізді.