Түркістан облысында жергілікті кәсіпкерден ақша бопсалады деген күдікпен шымкенттік блогер ұсталды, — деп хабарлайды Massaget .kz тілшісі.
Ер адам әлеуметтік желіде жәбірленушінің беделіне нұқсан келтіретін мәліметті жариялаймын деп қорқытып, одан 2000 АҚШ долларын алып, тағы 4 миллион теңге талап еткені анықталған.
"Жедел уәкілдер блогерді Сайрам ауданы кафелерінің бірінде 6900 АҚШ доллары сомасында ақша алып жатқан сәтінде ұстады. Бұл дерек бойынша соталды тергеу жүргізіліп жатыр. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды", — деп жазылған хабарламада.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!