Алатау баурайында да ұлы ойшыл Абайдың 180 жылдығы кең көлемде тойланып жатыр. Абай алаңына 5000-нан астам адам жиналып, ескерткішке гүл шоқтарын қойды. Шараға қала әкімі , зиялы қауым өкілдері мен қоғамдық кеңес мүшелері және жастар жиналды. Мерейтойда дала данышпанының танымал әндері орындалды. Ұлы тұлғаның ұрпаққа қалдырған ұлы өсиеті насихатталды. Салтанатты шара «Алаштың Абайы» атты музыкалық-драмалық концертпен жалғасып жатыр. Жалпы ұлы ақынды ұлықтау мақсатында жыл басынан бері алып шаһарда 120-дан аса іс-шара ұйымдастырылды.

Смағұл Елубай, жазушы:

Біз Абайды таныған сайын халқымызды тани түсеміз. Абайды таныған сайын, халқымыздың кемшілігін көре түсеміз. Кемшілікті көрген сайын, сонымен күреске шыға түсеміз. Сондықтан Абайға жақындау – халықтың өз-өзіне жақындауы деп білеміз.

Айдана Қуантхан