Астана қаласына өтетін Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезі аса маңызы жиын. Бұл әлем мемлекеттері арасында бейбітшілік пен келесімді нығайтуға жол ашады.

Қазақстан Республикасында дін ұстанушыларға оң қабақпен қарайды. Қандай діннің өкілі болса да, өз дінін ұстануына мүмкіндік бар . "Дін мемлекеттен бөлек” десек те, барлық тыныс-тіршілігімен сол мемлекетпен бірге. Ұстанатын діни қағидалары, жоспарлы бағдарламалары Қазақстанмемлекетінің заңдарына қайшы келпеуі керек. Керісінше, сол мемлекетті құраушы ұлтпен және сонда өмір сүріп жатқан өзге де этностармен біте қайнаса өмір сүріп, жаңа заман талабына сай жаңғыра отырып дамуы керек. Бұл сьездеде әр мемлекет лидерлерінің өз ойын ашық білдіруге мүмкіндіктері бар.

Біздің мемлекетте осымен діндер лидерлерінің съезі бірнеше рет өтіп, маңызды мәселелерді талқылады. Съездің жоғары дәрежеде өтуіне ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өзі ықпал етіп отыр.

Бұл жиыннан әлемнің бірнеше елінен келген делегаттар үлкен ой түйеді, тәжірибе жинақтайды. Жиынның көпшілікке беретін әсері сол. Съездге қатысушылар жан-жақты мәлімет алады. Бұл жиын біздің елдің әлемалдындағы үлкен беделі мен зор абыройын көрсетеді. Сонымен қатар біздің халқымызға, бүгінгі қоғамымызға көп ықпалын тигізетіні анық. Қазақстан мемлекеті көптеген этностарды, дәстүрлі дін өкілдерін бауырына басқан ел. Бұған дейінгі өткен жиындардың елімізде тыныштық, діни түсіністік болуына ықпалы тиді деп айта аламыз.

Жеке-дара адамдар діни наным-сенімге мұқтаж болмағанымен, мемлекеттер түрлі діни бірлестіктерді құрамына кіргізетін үлкен күш.

Дәстүрлі діндердің ешбірі ел арасына бүлік салып, алауыздықтың отын тұтатуды көздемейді. Қазақ мақалындағы “Айтар ауыз бөлек болғанымен, тілек- бір” деген тұжырымдағыдай, барлығының үндейтіні — бейбітшілік пен ынтымақ. Көп векторлы саясатты ұстанатын мемлекет болғандықтан, мұндай ауқымды жиын өткізу Қазақстанның абыройын көтереді.

Мемлекеттің қуаты — құрамындағы түрлі діни бірлестіктерді келісім арқылы бір бағытта ұстай алуында.

Дін істері басқармасының басшысы - Нұрлан Қиқымов