Мәртебелі қонақ Алматыға келеді
2025 жылғы 3 тамызда Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы Антониу Гутерриш Қазақстанға келеді. Маңызды қонақтың жоспары туралы Ақорданың баспасөз қызметі айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Мемлекет басшысы мен Антониу Гутерриш Алматыда келіссөздер өткізетіні, сондай-ақ БҰҰ-ның Орталық Азия мен Ауғанстанның тұрақты даму мақсаттары жөніндегі өңірлік орталығына бірге баратыны белгілі.