Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Ақорда-ға сілтеме жасап хабарлайды. Президент Грузияның Батуми қаласында өтіп жатқан Әлем кубогының
Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Ақорда-ға сілтеме жасап хабарлайды.
Президент Грузияның Батуми қаласында өтіп жатқан Әлем кубогының іріктеу сайысында белгілі шахмат шеберлерін қапы қалдырған Меруерт Камалиденоваға құттықтау жеделхатын жолдады.
– Мемлекет өзіңіз сияқты талапты жастарға әрқашан қолдау көрсетеді. Елімізде бұл интеллектуалды ойын түрін жаппай дамыту үшін нақты шаралар қолға алынды. Өскелең ұрпақ өздеріңізге қарап бой түзейді. Әрбір жеңістеріңіз оларды жігерлендіреді, – деп жазылған жеделхатта.
Мемлекет басшысы спортшыға алдағы финалдық сайыстарда сәттілік тіледі.